Астанада жұмысшы мамандарға мемлекеттік наградалар табысталды
Еңбек адамы – ел мақтанышы. Бүгін елордада жұмысшы мамандық өкілдері бас қосқан форумда Премьер-министр Президент атынан оларға мемлекеттік наградаларды табыстады. Төл мерекесімен құттықтады.
Ел экономикасының нығаюына және дамуына үлес қосқан жұмысшы мамандарға «Құрмет» және ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендері берілді. Олжас Бектенов өз сөзінде Президент Ұлттық құрылтайда белгілеп берген «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаты бүгінде Қазақстан қоғамының дамуындағы басты бағытына айналғанын атап өтті. Қазақстанда Еңбек күні он жылдан астам уақыттан бері аталып келеді. Биылғы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бұл мерекенің маңызы артып, қоғам дамуының негізі саналатын адал еңбекке құрметтің белгісіне айналды. Бүгінде елде шамамен 2,5 млн маман еңбек етеді.
Бану Оңалбаева, «Қазпошта» АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы орталық операциялық учаскесінің басшысы:
Мен пошта саласында 43 жылдан бері еңбек етіп келе жатырмын. Сол еңбегіміз бүгін ақталып, марапатқа ие болып жатырмыз. Қуаныштымын.
Шайхыман Шонанов, бульдозер машинисі:
Аспанға ұшқандай болып тұрмын. Күтпеген жерден түскен олжа сияқты болып тұр. Бұған дейін сізді марапатқа дайындадық деп, қалай болатыны, не беретіні кешегі күнге дейін жұмбақ болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
