Басты Жаңалықтар СҚО-да ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

СҚО-да ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Петропавлда жыл басынан бері ауыл шаруашылығы тауарларының 100-ден астам жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 640 тонна азық-түлік сатылды.

Ауылдан  жеткізілетін өнім қалада жоғары сұранысқа ие, дейді мамандар. Сөрелерге шығарылған тауар әп-сәтте сатылып кетеді.

Облыс орталығында мұндай жәрмеңкелер 2001-ші жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Аудандардан сиыр, қой, тауық еті, сүт өнімдері, ұн, жұмыртқа сынды 25 тауар түрі жеткізіледі. Жәрмеңкелер «Алтын арман», «Қызылжар ақбастау», «Дәрия» базарларында өтеді.

Талғат Наурызбаев, СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Әр сенбі сайын осы Петропавл қаласында 3 базарда жэәрмеңке өткіземіз. Ауылдан әкелген өнімдерді сатамыз. Бағасы біздің нарықтың бағасына қарағанда 10-15 пайызға төмен.


Бөлісу