Басты Жаңалықтар Астанада журналистер арасында «Көш» ойынынан жарыс өтіп жатыр

Астанада журналистер арасында «Көш» ойынынан жарыс өтіп жатыр

Астанада Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен «Көш» ұлттық үстел ойынынан жарыс басталды. Додаға БАҚ өкілдерінен құралған 22 команда қатысып жатыр. Ойын авторларының айтуынша, «Көш» қазақтың ұлттық ойындарының қосындысынан жасалған. Жылдам әрі логикалық ойлау дағдыларын арттырады. Стратегиялық жоспар құрып, математикалық есептеуді қажет ететін ойын ұлттық ғұрыптарды да ұлықтайды. Сондықтан мұндай жарыстар болашақта жиі ұйымдастырылмақ.

Ертас Жақыпбай, «Көш» ойынының авторы:

Өзіміздің ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ойындар. Және де балалардың смартфоннан уақытын бөліп алу үшін жасап жатқан жәйіміз бар. Өзі бір жыл бұрын ғана ойлап табылған. Бірақ енді қарқын жаман емес деп ойлаймын. Болашақта әрбір қазақтың үйінде, әрбір қазақтың баласы ойнап отыратын ойынға айналса екен деп тілейміз.


Бөлісу