Елордада кәсіподақтар экологиялық акцияға қатысты
Кәсіподақтар федерациясының өкілдері Астананы көгалдандыруға үлес қосты. Олар «Таза Қазақстан» акциясы аясында қаланың Нұра ауданында 50 түп ағаш отырғызды. Бұл – Федерацияның 35 жылдық мерейтойына арналған нышан ғана емес, кәсіподақ қозғалысының терең тамыры мен орнықты дамуының символы, дейді федерация төрағасы. Мұндай шара тек елордада емес өзге де аймақтарда өткізіліп жатыр. Акция экологиялық мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, елімізге деген сүйіспеншілікті нығайтуға септігін тигізеді, дейді ұйымдастырушылар.
Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:
Бұл – тек қана сенбілік емес, бұл – еліміздің болашағына деген көзқарас, еліміздің рухын көтеретін үлкен іс-шара, деп ойлаймын. Президенттің «Таза Қазақстан» жөніндегі бастамасы бүкіл елімізді біріктіріп отыр. «Таза Қазақстан» акциясына бірінші күннен қатысып жатырмыз. Әр кезеңде өзіміздің үлесімізді қосып жатырмыз.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгия Қазақстанның антиядролық бастамаларын қолдайды
27.09.2025, 18:08

Тарихи матч: үлкен экрандағы ашық көрсетілім
27.09.2025, 18:05
Астанада журналистер арасында «Көш» ойынынан жарыс өтіп жатыр
27.09.2025, 18:02
Астанада «Асыл мұра» этнофестивалі өтті
27.09.2025, 17:59
СҚО-да ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
27.09.2025, 17:56
Алматыда New York Film Academy филиалы ашылды
27.09.2025, 17:49
Биыл Қызылорда облысының жастарына 100 пәтер беріледі
27.09.2025, 17:46
Өткен 2 жылда 400-ден астам педагог конкурсқа қатыспай-ақ, басшылық қызметке тағайындалды
27.09.2025, 17:43