Алматыда New York Film Academy филиалы ашылды
Алматыда әлемге әйгілі америкалық New York Film киноакдемиясының Орталық Азиядағы алғашқы филиалы ашылды.
Іс-шара кинематографиялық стильде өтті. Салтанатты шараға New York Film Academy-дың президенті Майкл Янг, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты. 15 гектар аумақта орналасқан 1000 шаршы метрлік кампуста кітапхана, лекциялық залдар, дыбыс және монтаж студиялары, шығармашылық кеңістіктер бар. Оқу бағдарламасында теория мен тәжірибе ұштастырылмақ. Яғни, сабақ Голливуд пен Нью-Йорктан келген оқытушылармен, заманауи жабдықталған оқу студияларында, NYFA-ның жоғары стандарттарына сай, 90% практикалық бағытта жүргізіледі. Студенттер киноөндіріс, актерлік өнер, сценарист, анимация бағытында білім алады. Мәдениет пен креативті индустрияны тоғыстыратын білім ордасына биылғы оқу жылында 200-ге жуық талапкерден өтініш түскен.
Майкл Янг, New York Film Academy президенті:
Қазақстанда креативті индустрияны, білім беруді, технологияларды дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Алматыдағы NYFA кампусы – кино және медиа саласындағы 160 елден келген студенттер мен мамандарды біріктіретін жаһандық желінің бір бөлшегіне айналды. Академия түлектері NYFA дипломы бүкіл әлемде мойындалатын халықаралық қауымдастықтың мүшесіне айналады.
Дидар Камилов, NYFA студенті:
Мен NYFA-да оқып, халықаралық мамандардан тәжірибе жинағым келеді. Меніңше, барлық студенттің миссиясы мен міндеті - қазақ кино өнерін жақсарту, дамыту.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
