Басты Жаңалықтар Машина жасаушылар күні: Үздіктер марапатталды

Машина жасаушылар күні: Үздіктер марапатталды

Бүгін елордада машина жасау саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Оларға «Ерен еңбегі үшін» медальдар, «Құрмет» және «Еңбек даңқы» ордендері табысталды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мамандарын құттықтап, биылғы жылдың алғашқы жеті айында машина жасау өндірісі 22%-ға өскенін және ондаған мың техника шығарылғанын атап өтті. Сонымен қатар 20-дан астам жоба іске асырылып, мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылған. Министр еңбек мерекесі қарсаңында сала қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен ел экономикасына қосқан үлесін жоғары бағалады.

Нағашыбай Бұшпаев, Слесарь-механик, III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері:

14 жылдан бері істеп келе жатырмын. Бригадир болдым, мастер болдым. Әкем, інілерім бәрі техникамен қатынасып жүрген соң бірге істеп келе жатырмыз. Естіген кезде қуанышты болдым. Еңбегімді ақтап жатқаны үшін осылай сыйлап, құрметтегіні үшін мың алғыс.
Бөлісу