Жамбыл облысында екі ірі зауыттың құрылысы басталды
Жамбыл облысында Президенттің инвесторлар тарту тапсырмасына орай бірден екі ірі зауыттың құрылысы басталды. Енді өңірде жылына 1 млн тонна қант қызылшасын өңдейтін кәсіпорын бой көтермек. Сондай-ақ трактор жасайтын зауыт құрылысы басталады. Данияр Әлімқұл толықтырсын.
Енді өңір дихандары өнімдерін өткізу үшін қант зауыттары алдында сабылып жүріп, сарылып кезек күтпейді. Өйткені Байзақ ауданы Ақшолақ ауылында жылына 1 млн тонна қант қызылшасын өңдеп, одан 120 мың тоннаға дейін қант өндіретін зауыт салына бастады. Онда қосымша 70 мың тоннаға дейін мал азығы да шығарылмақ.
Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:
Биыл 8 айдың қорытындысымен біз 391 млрд теңге инвестиция алып келдік. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жамбыл өңірінде инвестиция тарту, индустриялды қаңқасын жасауда үлкен-үлкен жобалар іске асырылып жатыр. 5 ірі жобаны алатын болсақ, инвестиция көлемі 1 трлн 500 млрд теңге деп күтіліп отыр.
Ал қытайлық инвестор қолға алған жоба 200 млн АҚШ долларын құрайды. Кәсіпорында 350-ден астам жұмыс орны ашылатын болады.
Сяо Анбао, «Zhongkai Kazakhstan International sugar industry company» компаниясының бас директоры:
Біздің технологияларымыз соңғы үлгідегі сандық жүйеде болады. Зауыттың ерекшелігі – экологияға зиянсыз әрі қалдықсыз өнім өндіреді. Осы орайда біз секілді кәсіпкерлерге инвестициялық қолайлы дәліз жасаған Қазақстан Президентіне, ел Үкіметі мен облыс әкімдігіне алғыс айтамын.
Зауыт құрылысы бір жылдан кейін бітпек. Ал Тараздың
индустриялық аймағында 10 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын
зауыт салынбақ. Онда жылына 2 мың трактор мен тіркеме шығару жоспарланған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
