Басты Жаңалықтар LRT желісі келесі апта іске қосылады

LRT желісі келесі апта іске қосылады

LRT желісі бойынша алғашқы пойыз келесі аптада жолаушыларды тасымалдай бастайды. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Мәжіліс отырысында айтты. Оның сөзінше, бірінші жеңіл рельсті көлік Абу-Даби станциясынан Мәңгілік ел көпірі бағытында жолға шығады. Алдағы 3 ай мен 6 аралығында тестілік режимде қатынайды. Қазан айында тағы 8 пойыз қосылады. Ал желтоқсанның соңына дейін барлық уәде етілген 18 пойыз жүреді. Соған сай жұмыс уақыты ұзарады. Жол ақысы 200 теңгенің төңірегінде болады, деді шаһар басшысы.

Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:

Пойыздарды, олардың санын, жұмыс уақытын күн сайын көбейтеміз. Бір апта ішінде 1-2 станция қосып отыру жоспарда бар. Қазан айында қосымша сегіз пойыз жеткізіледі, ал желтоқсанға дейін барлық 18 құрам болады. Осылайша  барлық пойыз келесі жылдың басында дайын болады.


Бөлісу