Басты Жаңалықтар Онкоскринингтік зерттеулер ақысыз болады

Онкоскринингтік зерттеулер ақысыз болады

Бұдан бұлай елімізде онкоскринингтік зерттеулер ақысыз болады. Үкімет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі тізімін кеңейтті. Бұл халық арасында қатерлі ісіктің алдын алуға, сондай-ақ дертті ерте анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дер кезінде емдеу арқылы өлім-жітімді азайтуға септігін тигізеді. Жаңашылдық Үкіметтің қаулысымен бекітілді. Айта кетейік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында профилактикалық тексерулер уәкілетті орган бекіткен кестелер мен қағидаларға сәйкес жүргізіледі.


Бөлісу