Басты Жаңалықтар Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады

Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады

Елена Рыбакина Қытай ашық чемпионатын жеңіспен бастады. Қазақстанның бірінші, әлемнің тоғызыншы ракеткасы бірінші кездесуін әлемдік рейтингте 90-орында тұрған америкалық Кэти МакНэллиге қарсы өткізді. Бірінші сетте отандасымыз өзінің алғашқы допты ойынға қосу мүмкіндігін сәтті пайдаланғанымен, келесі геймдер сарапқа салынған кезде біршама қателікке жол берді. Дегенмен артынша қарсыласты қуып жетті. Алғашқы кезең тай-брейкке ұласуы мүмкін еді. Алайда отандасымыз сетболды өз еншісіне жазды. Екінші сетте Рыбакина шынтағын ауыртып алып, медициналық көмекке жүгінді. Соның әсері болса керек, АҚШ теннисшісіне 4:6 есебімен есе жіберді. Ал шешуші сетте Рыбакина барынша жинақы ойнап, 6:3 есебін тіркеп келесі айналымға жолдама алды. Оның 1/16 финалдағы қарсыласы – әлемдік рейтингте 66-орында тұрған, неміс қызы Ева Лис. Олар бұрын бір рет кездескен, сол кезде қазақстандық спортшы жеңіске жеткен.

Ал ерлерден Александр Бублик жарыстың алғашқы айналымынан әрі аса алмады. Ол іріктеу кезеңінің жеңімпазы, франциялық Адриан Маннаринодан жеңіліп қалды. Есеп: 6:3, 6:2. Әйелдерден Юлия Путинцеваның да жолы болмады, отандасымыз жергілікті спортшыға есе жіберді.


Бөлісу