Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді

Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді

Мемлекет басшысы сондай ақ, Cerberus Capital Management компаниясының бас атқарушы директоры Фрэнк Бруноны қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясындағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру ниетін құптады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Вашингтонда Әзербайжан мен Армения арасындағы тарихи келісімге қол қойылуы Орта дәліздің сауда жолдарының бірі ретіндегі маңызының арта түсуіне оң әсер ететінін атап өтті. Соңғы бес жылда Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы тасымалданған жүк көлемі алты есе артқан. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті де қабылдады. Кездесуде келешекте Теңіз кенішінің аясын кеңейту жобасын іске асыру мәселелеріне, Қарашығанақта газ өндіру мен қайта өңдеу перспективасына, сондай-ақ әлемдік нарыққа көмірсутегін тасымалдау ісін дамытуға, соның ішінде Орта дәліз арқылы жеткізуге баса мән берілді.


Бөлісу