Басты Жаңалықтар Мемлекеттік кеңесші ішкі саясат мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізді

Мемлекеттік кеңесші ішкі саясат мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізді

Ақордада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен биылғы Жолдаудың қорытындысына арналған дәстүрлі кеңес өтті. Оған Үкімет мүшелері, Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, өңірлік басқармалардың басшылары қатысты.

Жиында Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыру, этносаралық, конфессияаралық келісімді нығайту, қоғамдық бірлестіктермен, сарапшылармен өзара іс-қимыл, ақпарат, отбасы және жастар саясаты мәселелері қаралды.Президент Жолдауындағы басым бағыттар, атап айтқанда - ауқымды цифрлық трансформация және жасанды интеллектіні енгізу міндеті талқыланды. Сондай-ақ Ерлан Қарин ішкі саяси жұмыстың негізгі басымдықтарына тоқталды.

Қоғамдарғы өзекті сұраныстарды дер кезінде талдап, жалған ақпаратпен заң бойынша күресу керегі сөз болды. Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, ішкі саясат саласында жаңа тәсілдерді жедел енгізудің маңыздылығы аталып өтті.


Бөлісу