Бельгия әуежайы кибершабуылдан әлі айыға алмай отыр
Бельгия әуежайы кибершабуылдан әлі айыға алмай отыр. Естеріңізге салсақ, жұма күні кешке хакерлер жолаушыларды тіркеу мен ұшаққа отырғызу жүйелерін қамтамасыз ететін компанияға шабуыл жасап, салдарынан Еуропаның бірнеше әуежайында техникалық ақау болды. Бүгін Брюссель әуежайынан ұшып қонатын 70-ке жуық рейс тоқтатылды. Себебі электрондық жүйе істен шыққалы қызметкерлер жолаушылар мен жүктерді қолмен тіркеп, үлгермей жатыр. Әуекомпания өкілдері жолаушыларға кемінде 3-4 сағат ерте келуді ескертуде. Әуежайдың жұмысын қалпына келтіруге тағы бірнеше күн қажет дейді мамандар.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ұлы дала жорығы»: Жетісу облысының командасы алда келеді
22.09.2025, 20:09

Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді
22.09.2025, 20:08
Amazon Қазақстанды спутниктік байланыстың өңірлік хабы ретінде қарастырады
22.09.2025, 19:47
Алдағы 5 жылда елімізде 6,3 гигаватт «жасыл» энергия өндіретін станциялар бой көтереді
22.09.2025, 19:43
Мемлекеттік кеңесші ішкі саясат мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізді
22.09.2025, 19:43
Шығыста Қызылорда облысының мәдениеті күндері өтті
22.09.2025, 19:39
Шымкенттегі жәрмеңкеде табиғи өнімдер қолжетімді бағада сатылды
22.09.2025, 19:39
Елімізде азық-түлік өнімдерінің бағасы бақылауда
22.09.2025, 19:36