Ақтөбе облысында 108 заңсыз қоқыс алаңы анықталды
Ақтөбе облысында 108 заңсыз қоқыс алаңы анықталды. Қазірге дейін оның 39-ы тазартылды. Экологтар мен полицейлер бірлесіп, рейдтік шараларды жалғастырып жатыр. Дегенмен тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленбеген жерге тастап кететіндерді ұстау оңайға соқпай тұр. Сондықтан мамандар қала әкімдігіне мұндай орындарға бақылау бейнекамераларын орнату жөнінде ұсыныс жолдаған. Облыстық Экология департаментінің мамандары «Таза Қазақстан» акциясы аясында заңсыз қоқыс полигондарын анықтауды жалғастырып жатыр. Бүгін олар Сазды елді мекенінің аумағында орналасқан ескі құм карьеріне келді. Бұл жердегі қоқыс былтыр ғана тазартылған еді. Алайда жақын маңда үй құрылысын жүргізіп жатқан тұрғындар қайта толтырып тастаған.
Гүлжайнар Әбдірахманова, облыстық Экология департаментінің
бас маманы:
Апта сайын әр инспектор полициямен бірлесіп, рейд жүргізіп келеді. Алайда бұл жұмыстар барысында, өкінішке қарай, мұндай заңбұзушылыққа жол беріп отырған тұлғалар әзірге анықталмай отыр. Заңсыз жерге шығарғаны және тасымалдағаны үшін жеке тұлғаларға 40–60 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
