«Отбасы банк» қазаннан бастап онлайн төлемдерге шектеу қояды
1 қазаннан бастап «Отбасы банк» жалдау төлемдері мен ипотекалық жарналар бойынша онлайн операцияларды шектейді. Енді мұндай төлемдер тек жұмыс күндері таңғы сағат 9:00-ден кешкі 17:00-ге дейін жүргізіледі. Банк өкілдерінің хабарлауынша, клиенттер төлемдерді екі тәсілмен жүзеге асыра алады: «Отбасы банк» бөлімшелеріне барып немесе «Баспана Маркет» порталының жеке кабинеті арқылы. Алайда, бұл үшін қажетті құжаттар ұсынылуы тиіс. Сондай-ақ, банк портал арқылы берілген өтінімдер үш жұмыс күні ішінде қаралатынын ескертті. Осыған байланысты, азаматтарға құжат рәсімдеуді соңғы сәтке қалдырмай, алдын ала жоспарлауға кеңес береді. Айта кетейік, бұл өзгеріс банк тарапынан төлем процестерін жүйелеу және қауіпсіздікті күшейту мақсатында қолға алынған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
