Елімізде «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы талқыланды

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы мен оған қатысты заңға тәуелді актілер бойынша алғашқы Академиялық тыңдаулар өтті.
Шараны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жасанды интеллект саласын реттеуге бағытталған заңнамалық бастамалардың негізгі мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырды.
Тыңдаулар барысында заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Е.В. Смышляева таныстырды.
Панельдік пікірталасқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Таллин техникалық университетінің жетекші ғалымдары мен сарапшылары қатысты. Олардың қатарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Ерманұлы Дүйсенов, Таллин техникалық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Томас Хоффманн және ҚазҰУ-дың Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының доценті Асель Асылбекқызы Абдилдаева болды.
Бұл — құқық, ақпараттық технология және цифрлық даму саласындағы жетекші сарапшыларды бір алаңға тоғыстырған алғашқы іс-шара. Академиялық тыңдаулар Қазақстанда жасанды интеллектті құқықтық реттеудің заманауи әрі прогрессивті негізін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
