Басты Жаңалықтар Жамбыл облысында екі жылда 1,1 трлн теңгенің жобалары іске асады

Жамбыл облысында екі жылда 1,1 трлн теңгенің жобалары іске асады

  1. Жамбыл облысы Шу ауданындағы «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағында алдағы 2 жылда 1,1 трлн теңгенің жобалары іске асады. Инвесторлардың көмегімен бас-аяғы 10 кәсіпорын ашылып, 4 мың адам жұмыспен қамтылмақ. Қазірдің өзінде онда осы жобалардың тең жартысының құрылысы қарқын алды.
  2. Тоғыз жолдың торабындағы Шу ауданында «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағы осыдан 4 жыл бұрын құрылды. Жалпы құны 22 млрд теңгеге гербицид, амонни және пластмасса өндіретін 4 кәсіпорын  бой көтерді. Бүгінде тағы 10 жобаны іске асыру бағытында құрылыс жұмысы жүріп жатыр. 
  3. Әлішер Сұраншы, облыстық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының бас маманы:
  1. Бүгінгі таңда арнайы экономикалық аймаққа көптеген инвесторлар келуде. Себебі ол жақта инвесторлар үшін үлкен жеңілдіктер бар. Атап айтқанда барлық салықтың түсімдеріне нөл, бұдан бөлек шетелден кіргізетін құрал-жабдықтардың барлығына нөл пайыздық жеңілдіктер бар.

Иә, Президент тапсырмасымен инвесторларға жеңілдік жасалғаннан кейін қытайлық кәсіпкер сәуір айынан бастап жылына 3 млн тонна қалдықсыз болат өңдейтін металлургия зауытын сала бастады. Кәсіпорынға 564 млрд теңге қаржыға құймақ. Ал тағы бір инвестор 420 млрд теңгеге жылына 3 млн тоннаға жуық жүгеріні қалдықсыз терең өңдейтін зауыт құрылысын бастады.

Сю Цзиньчжао, «Shengtai Biotech Co., Ltd» ЖШС бас директорының орынбасары:

Нысанды салуға бас-аяғы 6 мың адам тартылады. Зауыт ашылғанда 1 500 тұрғынды жұмыспен қамтимыз. Жүгеріні терең өңдеу арқылы қосымша  лейцин, валин, изолейцин, глутамин, цитрулин секілді аминқышқылдарын аламыз. Сондай-ақ, крахмал, глюкоза мен мал азығын шығарамыз.

Мұндағы мамандардың 90% ел азаматтары болады. Жергілікті жұмысшылар алдағы 5 жылда біліктілігін сырт елдерде арттырмақ. Жалпы Шу ауданына бұдан өзге 19 инвестор тартылады.

Әлжан Естемесов, «Қазақ инвест» ұлттық компаниясы жоба департаменті басшысының орынбасары:

Президенттің тапсырмасы бойынша инвестициялық ахуалды біз жылдан жылға, күннен күнге жақсартудамыз. Өзіміз өтінім  беріп, инвестор тартып, алып келе жатырмыз. Мұндай жоба Қазақстанда болмаған. Бұл биоферментация Қазақстанға осындай ірі компания келгеніне біз өте қуаныштымыз.

Ал алдағы 2 жылда «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағында жел электр станцияларының құралдары, натрий цеониді, пероксид және өзге де өнім түрлерін шығаратын 10 жоба іске асады. Бүгінде аумағы 905 га құраса, енді тағы 300 га ұлғаймақ.


Бөлісу