Ақмола облысында жолда көлік дөңгелегін ауыстырып жатқан 2 жігітті көлік қағып кетті
Ақмола облысында көлігінің дөңгелегін ауыстырып жатқан екі жігітті көлік қағып кетті. Біреуі оқиға орнында жан тәсілім етті. Екіншісі түрлі дене жарақатымен Бұланды аудандық ауруханасына жеткізілді. Жантүршігерлік оқиға Астана-Петропавл автобанының 178-шақырымында болды. «Nissan Almera» автокөлігін тізгіндеген жүргізуші көлік жөндеген екі адамды байқамай қалған.
Алмагүл Тұрсымбаева, облыстық Полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы:
«Ниссан Альмера» автокөлігін 37 жастағы ер адам басқарған. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы талқыланды
19.09.2025, 20:47

«Отбасы банк» қазаннан бастап онлайн төлемдерге шектеу қояды
19.09.2025, 20:47
Интервидение байқауында еліміз атынан «Amre» қатысады
19.09.2025, 20:24
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин TikTok мәселесін талқылайды
19.09.2025, 20:19
Азғыр полигонын әлі де зерттеу қажет
19.09.2025, 20:16
Өзбекстанда жұмыспен қамту бойынша ортақ тәжірибелер талқыланды
19.09.2025, 20:13
Жамбыл облысында екі жылда 1,1 трлн теңгенің жобалары іске асады
19.09.2025, 20:10
Сіз суды қалай үнемдеп жүрсіз?
19.09.2025, 20:08