Басты Жаңалықтар ӘЧ: 10 боксшымыз жартылай финалға шықты

ӘЧ: 10 боксшымыз жартылай финалға шықты

Ерлер арасында 50 келі салмақта жұдырықтасқан Санжар Ташкенбай бокстан Әлем чемпионатында үндістандық қарсыласын жеңіп, жартылай финалған шықты.

Жерлесіміз қарсыласын 4:0 есебімен тізе бүктүрді. Ливерпуль қаласында өтіп жатқан байрақты бәсекеде әйелдер арасында 48 келі салмақта бокстасқан Назым Қызайбай да жартылай финалға жолдама алды. Бұрымды боксшымыз украиналық Анна Охотамен қолғап түйістіріп, еш қиындықсыз сенімді жеңіске қол жеткіз. Енді ол Өзбекстан өкілі Сабина Бобокуловамен бақ таласады.

Сондай-ақ Виктория Графеева да жартылай финалға жолдама алды. Ол 60 келі салмақта өнер көрсетуде. Айта кету керек, Ұлттық құраманың 10 бірдей боксшысы жартылай финалда. Бүгін соның үшеуі Айбек Оралбай, Елдана Тәліпова және Аида Әбікеева жартылай финалда ел намысын қорғайды. Жекпе-жекті Астана уақытымен 22:00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарынан тамашалай аласыз. 


Бөлісу