Инсулинге тәуелді азаматтардың алаң көңілі
Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетін басқаратын А.Аймағамбетов «Қол-аяғы ампутацияланған, қатерлі ісікпен арпалысып жүрген немесе инсульт алған науқастар мүгедектік рәсімдеу үшін апталап табалдырық тоздырып, құжат жинап, «айдай анық» нәрсені дәлелдеуге мәжбүр еді, енді жағдай өзгеріп жатыр» деп жазды, телеграм әлеуметтік желідегі парағында.
Медициналық-әлеуметтік
сараптама қашықтан, проактивті форматта жүзеге асып бастаған. «Ол нені
білдіреді? Енді онкология, туберкулёз, инсульт салдары, аяқ-қол ампутациясы,
Даун синдромы, 1-тип қант диабеті, бүйрек жетіспеушілігінің соңғы сатысы,
Паркинсон ауруының ауыр деңгейі сияқты күрделі диагнозы бар азаматтар
мекемелерді жағалап жүрмейді. Барлығы проактивті түрде рәсімделеді»,- деді ол.
Менің туған
бауырымның баласы Даун синдромымен дүниеге келген. Экологиялық апат аймағында
өмір сүретін әйелге алдын-ала скрининг жасалмағаны әлі күнге күрсіндіреді.
Баланың басқа да ауруы көп.
Медициналық-әлеуметтік
сараптама қашықтан жасалса, процесс кібіртіктемей іске асса, азап өмір сүріп
жатқан отбасыларға кішкене де болса, көмек болар еді.
Халыққа медициналық
қызмет көрсету бойынша проблема өте көп. Оны әрқайсымыз білеміз. Жазда министрлік
қант диабетін кепіл берілген тегін медициналық көмектен міндетті
әлеуметтік-медициналық сақтандыру пакетіне ауыстырды. Қант диабетіне шалдыққан
азаматтар қатты алаңдайды.
Әсіресе, инсулинге
тәуелді 1-ші типке жататын азаматтардың уайымын түсінесің, себебі олар
инсулинсіз өмір сүре алмайды. Тағы да жеке басымнан мысал келтіре аламын, туған
сіңілім қант диабетінің инсулинсіз тіршілік жоқ, сол 1-типімен ауырады.
Елімізде ол сияқты
32 680 адам бар. Оның 5 828 – бала.
Данияр Қайыртай сараптайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
