Мектеп асханасына қандай стандарт енгізілді?
Бейне қолжетімді емес
8 мыңнан астам мектепте жаңа оқу жылы басталды. 4,1 миллионнан астам оқушы бар, 363 461 бала бірінші сыныпқа барды.
Бұл есеп жақсы.
«Дұрыс екен» дейтін ереже де қабылданды. Буллинг
жасайтын баланың ата-анасына айыппұл салынады. Қатарласына әлімжеттік көрсеткен баланың ата-анасы 10 айлық есептік
көрсеткіш көлемінде, қазіргі мөлшері 39 мың теңге, айыппұл төлейді. Бір жылда
қайталанса, айыппұл үш есеге өседі.
Әлеуметтік желіде бейәдеп сөз жазса, ар-намысын
қорлап, балағаттаса, ата-анасы қазір де бар норма бойынша жазаланады. Қылмыстық
кодекстің 161-бабына сәйкес, 393 мыңнан аса теңге төлеуге міндеттеледі немесе
120 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады. Айтпақшы, көшеде бейәдеп сөз айту бұзақылық
болып есептеледі. 78 мың 640 теңге айыппұл салынады, тіпті 15 тәулікке дейін
қамалады.
Бізді қатты
шошытатын оқиға оқу жылының алғашқы күні болды. Тараз қаласында бір жасөспірім
өзі құралпы баланы пышақтады. Шағын аудандардың біріндегі үй ауласында қансырап
жатқан мектеп оқушысын көрген адамдар жедел жәрдем шақырған. Жеткен дәрігерлер
оның көз жұмғанын айтқан...
Полицейлер
күдіктіні бірден тапқан. Ол 15 жастағы тау-кен технологиялық колледжінің
студенті. Полиция «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Уақытша
ұстау изоляторына қамады.
Ал ажал құшқан 14
жастағы жасөспірім сондай қайырымды, мейірімді бала болыпты...
Мұғалім өткен шақта
айта алмай тұр. Ең жаманы – осы күндері ойлауға қорқатын, жаның түршігетін тағы
бірнеше оқиға болды. Бізде бәрібір жайдары орта қалыптаспай тұр. Иә, себебі көп.
Тіпті әлеуметтік
жағдай да әсер ететін фактор. Балалар арасындағы буллинг, асқан қатыгездік,
суицид ең бірінші біздерге, ата-аналарға қатысты мәселе екенін түйсіну
керек.
Ал бүгінгі материал
мектептерге енгізілген тамақтанудың жаңа стандарты туралы. Ұстаным - қант, тұз
және шылқылдаған майдың мөлшерін азайту. Күніне бір түйірден болса да көкөніс
пен жеміс беру. Дұрыс саясат.
Алайда. Алайда
қоспалардың мөлшерін кім тексереді? Асханалардың қожайындары «адал адам
қағидасын ұстайық» деген ұранды естіген шығар, бірақ сөйте қоя ма?
Сонымен
бір оқушыға қанша теңге қарастырылған – көкөніс пен балық өнімдері арзан
тұрмайды. Стандарттың сақталуын кім қадағалайды? Раушан Сайлауқызы талдайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
