Қытай көпполярлы әлем архитектурасына жақсылап кірісті ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қытай көпполярлы әлем архитектурасына жақсылап кірісті ме?

Қытай көпполярлы әлем архитектурасына жақсылап кірісті ме?

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин жолдас парадтың алдында сөйлегенде «Жалпыға ортақ қауіпсіздік мемлекеттер бір-біріне тең қарағанда, үйлесімді өмір сүріп, бірін-бірі қолдағанда ғана қамтамасыз етіледі» деген. Бір жағында Корей халық демократиялық республикасының, екінші жағында Ресей басшысы тұрды.


Оны оқшаулаудан шығарған Аляскадағы қызыл кілем төселген кездесу, артынша Еуропа лидерлері мен азаматтық киімге барынша жақын болу үшін арнайы тіктірген костюм киіп барған В.Зеленскийдің Ақ үйге барғаны, одан кейін Украинаға «Ниеттестер» коалициясының жиыны – алайда ол қайтар емес, Украинадағы соғыстың тоқтайтын түрі көрінбейді. «Тоннельдің» соңында шын мәнінде жарық жоқ сияқты.


Ал Қытайға бір мезетте 26 мемлекеттің басшысы барды. Түрлі жиындар, келіссөздер. Парадқа ғана барғаны бар. Ким Чен Ын сияқты. Сонымен Қытай көпполярлы әлем архитектурасына жақсылап кірісті ме?


Бөлісу