Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді

Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді

Маңғыстауда ветеринария қызметі 50 ден астам жаңа автокөлік пен арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталды. 

Аймақта бұл салаға соңғы рет көлік 12 жыл бұрын берілген. Содан бері автопарк те, техникалық жабдықтары да жаңартылмаған. Тек кейінгі жылдары ветеринарлардың жалақысы екі есе өсіп, көңіл бөліне бастады. Қазір өңірде 43 ветеринариялық пункт пен 1 станцияның құрылысы жүріп жатыр. 2 станция толық жөндеуден өтуде. Жаңа ғимараттарды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарда. Ал, су жаңа көліктер мен құрал-жабдықтар үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд-тан астам қаражат бөлінді. Айта кетейік, облыста ветеринария саласында 400 ге жуық маман еңбек етеді.

Орал Шалабаев, Ақшымырау ауылының ветеринары:

Бұл көлік пен құрал-жабдықтарды алғаннан кейін әріптестерімізбен бірлесіп, халқымыздың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, түрлі аурулардың, соның ішінде мал індеттерінің алдын алуға және вакциналармен тиімді жұмыс істеуге қолайлы мүмкіндік туады деп есептеймін. Ал Niva автокөлігі қосмостылы болғандықтан, батпақты, құмды не тастақты жерлерден өтуге өте ыңғайлы.
Бөлісу