Талғардағы қылмыс: Әрекетсіздігі үшін полицейлердің үстінен іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Талғардағы қылмыс: Әрекетсіздігі үшін полицейлердің үстінен іс қозғалды

Талғардағы қылмыс: Әрекетсіздігі үшін полицейлердің үстінен іс қозғалды

Кеше Талғар маңында ауыр күрсінетін оқиға болды. Қызыл Қайрат кентінде біреу сол жерде тұратын ер-азаматты атып өлтіріп, оның құйттай жиенін көлігіне отырғызып қашқан. Арнайы жасақ тез тапты, бірақ қылмыскер көлігімен жартастан аударылған, бала сол кезде жарақат алған.


Періштесі қаққан, аман. Дегенмен дәрігерлер операция жасап, 2 жасар қыз баланың тілін 8 жерінен тіккен. Адвокат Гауһар Сариева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.


Адвокаттың таратқан ақпаратына сәйкес, оққа ұшқан азаматтың қарындасы бір ай бұрын әлгі - адам өлтіріп, баланы алып қашқанды «зорлады» деп айыптаған. Сол кезден бері полиция шара қолданбады дейді заңгер. «Зорлады» деген күдіктіні ұстамағандары үшін полицияға қарсы прокуратураның іс қозғағаны бүгін айтылды.


Бөлісу