Aitu қосымшасында барлық қызмет түрі бар
Aitu SuperApp қосымшасы әлеуметтік желілер мен жасанды интеллектіні байланыстырады. Платформада онлайн төлем жасау, өзге де қосымшаларды қолдану мүмкіндігі бар.
Бұл туралы Алматыда IT және креативті экономиканың болашағына арналған кеңесте айтылды. Кәсіпкерлер, банк және инвестициялық қор өкілдері еліміздегі IT саласын дамыту жолдарын талқылады. Мамандар цифрландыру, бизнестер арасындағы қызметтердің даму жолына кеңінен тоқталды. Сарапшылар «бұл кездесу IT саласын нығайту және өңірдің цифрлық экономикасын дамытуға маңызды қадам», - деп бағалады.
Жарқынбек Азаматов, «BTS Digital» компаниясы бас директорының міндетін атқарушы:
Азаматтарымызға арнап super app қосымшасын ұсынамыз. Оның ішінде ұлттық мессенджер, жасанды интеллект көмекшілері және басқа да сервистер біріктіріледі. Осылайша азаматтарға қосымша бағдарламаларды бөлек орнатудың қажеті болмайды.
Даурен Сартаев, «Қазақстан халық банкі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:
Бүгінгі таныстырылымда көптеген жаңа қызмет түрлерімен таныстық. Бұл, әрине, қуантады. Енді сол функциялардың нарықта сұранысқа ие болуы маңызды. Қазіргі таңда көпшілік үшін ақпараттық қауіпсіздік пен сервистердің тұрақтылығы басты назарда.
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ұлы дала жорығы»: Жетісу облысының командасы алда келеді
22.09.2025, 20:09

Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді
22.09.2025, 20:08
Amazon Қазақстанды спутниктік байланыстың өңірлік хабы ретінде қарастырады
22.09.2025, 19:47
Алдағы 5 жылда елімізде 6,3 гигаватт «жасыл» энергия өндіретін станциялар бой көтереді
22.09.2025, 19:43
Мемлекеттік кеңесші ішкі саясат мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізді
22.09.2025, 19:43
Бельгия әуежайы кибершабуылдан әлі айыға алмай отыр
22.09.2025, 19:42
Шығыста Қызылорда облысының мәдениеті күндері өтті
22.09.2025, 19:39
Шымкенттегі жәрмеңкеде табиғи өнімдер қолжетімді бағада сатылды
22.09.2025, 19:39