Токиода өткен Математикадан Халықаралық Олимпиадада озып шыққан жеңімпаздар елге оралды. Ел намысын қорғаған үздіктерді Алматының әуежайынан жақындары ыстық ықыласпен күтіп алды.
Сұлтан Мұрат білім сайысында алтын медаль иеленді. 9-сынып оқушысы есеп-қисапқа әуес. Финалда Жапония, Қытай, Гонконг елдерінен келген кіл мықтылармен бәсекеге түсіпті. Сөйтіп, финалда 100 ұпаймен қатарластарынан озып шыққан.
Сұлтан Мұрат, Математикадан Халықаралық Олимпиада жүлдегері:
Расында мен өзімді орын алмаймын деп ойлағанмын. Бірақ осы алтын медальді алып, эмоцияларым шынымды айтсам, көзімнен жас аққан. Осындай олимпиадалар жеке портфолияға үлкен нәтиже береді. Оны келешектегі ЖОО-ға кіру үшін осындай портфолияларды жинау керек.
Білім бәйгесіне еліміздің әр өңірінен 62 адам қатысқан. Бір жыл дайындықтың нәтижесінде 54 оқушы жүлдемен оралды. Оның ішінде 7 алтын, 20 күміс, 27 қола қоржында.
Ділбар Нұрова, математика пәнінің мұғалімі:
Бұл өте қиын сайыс. Мектеп бағдарламасын өте жақсы білуі керек. Сондай-ақ қосымша дайындық жұмыстары да маңызды. Мұнда балаларға 2 сағатта 30 тапсырманы шешуі қажет. Сұрақтар 3 топқа бөлінген. Әр топта сұрақтар қиындықтарына қарай бөлінеді. Сондықтан ұпайлары да әр түрлі.
Биыл сайысқа әлемнің 22 елінен 1500-ден аса оқушы қатысыпты. Ал Математикадан Халықаралық Олимпиада келер жылы Вьетнамда өтеді деп жоспарланып отыр.
Айдана Қуантхан
