Астанада Абайдың 180 жылдығына орай екі кітап жарыққа шықты
Астанада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай екі кітап жарыққа шықты. Туындының бірі «Абай жолы» романы жайында. Автор Ұлы ақынның туыстарына, эпопеядағы өзге де кейіпкерлердің өмірбаянына тоқталған. Сондай-ақ романдағы жер-су атауларынан бастап, салт-дәстүрге, сол замандағы киімге анықтама берген. «Абай жолы» және оның кейіпкерлері» деп аталатын бұл кітапты белгілі абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызы жазған. Бүгін тағы бір туындының тұсауы кесілді. Авторы – ақын Орынбай Жанайдаров. «Абайдың өлеңдер жинағы» деп аталатын кітапта ойшылдың жүзден астам шығармасының орыс тіліндегі нұсқасы жарияланған.
Баянғали Әлімжанов, ақын:
Орынбай Жанайдаров – орыс тілінде жазатын ақын. Абайдың өлеңдері мен поэмаларын 20 жылдам астам уақыт аударған. Асықпай аударған және өзі айтады: Абайды аудару өте қиын, өзге тілде сөйлету тағы қиын. Абайдың өлеңдерін дәл жеткізу мақсатында аударғанын айтады.
Жанел Өтеулі
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар мен жаттықтырушылар «Құрмет» орденімен, ерен еңбегі үшін медалімен және Президенттің алғысымен марапатталды
26.09.2025, 20:58

Елімізде 28 мың адамнан қатерлі ісік анықталған
26.09.2025, 20:29
Қазақстан мен Қытайдың талдау орталықтарының II форумы өтті
26.09.2025, 20:22
Орталық Азиядағы көшбасшы әйелдердің форумы басталды
26.09.2025, 20:20
Әлем жаңалықтарына шолу
26.09.2025, 20:11
Онкоскринингтік зерттеулер ақысыз болады
26.09.2025, 20:10
LRT желісі келесі апта іске қосылады
26.09.2025, 20:09
Жамбыл облысында екі ірі зауыттың құрылысы басталды
26.09.2025, 20:09