Атырауда 5 жасар қыз балабақшада бас-ми жарақатын алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 5 жасар қыз балабақшада бас-ми жарақатын алған

06.08.2025

Атырауда 5 жастағы қыз бала балабақшада бас-ми жарақатын алды. Оқиға қаладағы жекеменшік «Аңсар» балаларды дамыту орталығында болған. Алғашында баланың анасына тәрбиеші қоңырау шалып, қызыңыз баспалдақтан құлап қалды деп хабарлаған. Орталыққа дереу жеткен ата-ана бірден бақылау камерасынан болған жағдайды көрсетуді сұраған. Бірақ қызметкерлер «камера өшіп тұрды, монитор жұмыс істемейді» деген. Дәл сол кезде баланың жағдайы нашарлап, дереу жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Толық тексерістен соң баланың миы шайқалғаны, оған қоса екі қолының сынғаны анықталған. Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Ал орталық тек ашылғаны туралы хабарлама беріп, білім бөліміне, не бақылау департментіне тіркелмей жұмыс істеп келген.

Бердібек Таишев, облыстық Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

Бізге тіркелсе, оқу стандарттарына сай 5 жылда бір рет бақылау жүреді. Бет алды кіріп-бара беруге де бізге болмайды. Ол кәсіпкердің өзінің құқығы. Бұл туралы заңда реттелген.

Дина Мақсотова, ПД Ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы:

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу