Бүгін Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот отырысы өтті. Адам өлтіруге оқталды деп айып тағылған Ернар Жиембай процестің басынан бұқаралық ақпарат беттерінде өзін көрсетуге қарсы екендігін айтты. Сұрақ-жауап барысында айыпталушы кінәсін жартылай мойындады. Бірақ қасақана адам өлтіруге оқталды деген айыппен келіспеді. Сөзінше, ондай ойы да болмаған, тек қорқытқысы келген. Отырыста күдікті өз әрекетіне қызметтік келіспеушілік емес, әйеліне деген қызғаныш себеп болды деп түсіндірді. Ал жәбірленуші Руслан Берденов міндеттелген сот отырысына қатыспады. Оны ресми өкілі денсаулығына байланысты ауруханада ем қабылдап жатыр деп түсіндірді. Жалпы, Шымкенттегі атышулы оқиға сәуірдің 21 күні кешкі 21:00 шамасында болған еді. Айыптау актісіне сәйкес, айыпталушы шенеунікке 5 рет оқ атып, кеуде тұсынан жарақаттаған.
Алдияр Айтбай
