Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысушы делегация басшылары Орталық Азия елдерінің көрме павильонын аралады. Олар ұлттық нақышта безендірілген Қазақстан экспозициясын тамашалады. Павильонда қонақжайлық пен ырыс-берекені паш ету үшін киіз үй тігілген. Қонақтарға ұлттық салт-дәстүрлерімізден театрландырылған қойылым ұсынылды.
Оңғар Алпысбайұлы
