«Боинг» компаниясының 3 мыңнан астам қызметкері ереуіл жариялап, жұмысқа шықпай қойды. Олар аэроғарыш алыбының алдағы 4 жылда жалақыны 20 пайызға көтеру туралы ұсынысына қарсы шыққан. Кәсіподақ мүшелерінің пікірінше, бұл - мардымсыз. Әрі елдің қорғаныс саласына үлес қосып жүрген жандардың еңбегін дұрыс бағаламау. «Боинг» өкілдері болса, ереуіл кезінде жұмысты тоқтатпай, жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл үшін штаттан тыс қызметкерлерді жұмысқа тартпақ. Ал ереуіл ұзаққа созылса, Президент Дональд Трамп қолдау көрсеткен маңызды жобаның мерзіміне нұқсан келуі мүмкін. Ақ үй басшысы F-47 деп аталатын жаңа жойғыш ұшақты жасап шығаруды мақұлдаған еді.
Арай Төлеген
