Ресейде өнім көлемі азайып, бензин қымбаттады
Ресейде бензин бағасы күрт қымбаттап, рекордтық деңгейге жетті. AИ-95 бензинінің биржалық құны тоннасына 77 мың рубльден асты. Басты себеп Новокуйбышевскідегі «Роснефть» мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты, ал Рязаньдағы мұнай өңдеу зауытының қуаты екі есеге қысқарған. Соңғы рет АИ-95 маркалы бензині осыдан екі жыл бұрын қымбаттап, тоннасына 76 мың рубльден сатылған еді. Енді үкімет 31 тамызға дейін өндіруші компаниялар үшін шетелге бензин экспорттауға тыйым салды.
Андрей Каменский, сарапшы:
Бүгінгі күні бұл салада шешілмеген мәселе көп. Көлік өндірісі, экспорты да көңіл көншітпейді. Автомобильдер ең азы 150 мың рубльге қымбаттады. Тұрғындар қоймада қалған Қытай көліктерін алып жатыр. Себебі экспортқа шектеу бар. Оған утильалымның өскені де әсер етуде.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар мен жаттықтырушылар «Құрмет» орденімен, ерен еңбегі үшін медалімен және Президенттің алғысымен марапатталды
26.09.2025, 20:58

Елімізде 28 мың адамнан қатерлі ісік анықталған
26.09.2025, 20:29
Қазақстан мен Қытайдың талдау орталықтарының II форумы өтті
26.09.2025, 20:22
Орталық Азиядағы көшбасшы әйелдердің форумы басталды
26.09.2025, 20:20
Әлем жаңалықтарына шолу
26.09.2025, 20:11
Онкоскринингтік зерттеулер ақысыз болады
26.09.2025, 20:10
LRT желісі келесі апта іске қосылады
26.09.2025, 20:09
Жамбыл облысында екі ірі зауыттың құрылысы басталды
26.09.2025, 20:09