Министр: Бензиннің қымбаттауы азық-түлік бағасына айтарлықтай әсер етпейді
Бензин бағасын көрші елдермен теңестіру азық-түлік бағасы қымбаттатып жібермейді ме? Бұған дейін бірінші вице-премьер Роман Скляр Қазақстанда бензин мен дизель отынының құнын көрші елдердегі бағамен теңестірілетінін айтқан еді. Өйткені елімізде мұнай көп өндірілсе де, ол жеткіліксіз. Одан бөлек, арзан жанармай контрабандалық жолмен сыртқа кетіп жатыр. Сондықтан осындай шешім қабылданған. Ендігі мәселе бензин құны шарықтаса, бұл азық-түлік пен басқа қызметтердің бағасына қалай әсер етеді? Бұл сұраққа бүгін Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі жауап берді.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
Энергетика министрлігінің көмегімен біздің бензин, дизель өндірушілер жеңілдетілген бағамен өндірушілерге жеңілдік, лимит береді. Біздің тараптан өнімнің құны өспеуі үшін біз шаралар қабылдаймыз. Бізде нақты жоспар бар бағаны тұрақтандыру үшін. Біз ғана емес барлық мемлекеттік органдар бірігіп жұмыс істеп жатырмыз.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар мен жаттықтырушылар «Құрмет» орденімен, ерен еңбегі үшін медалімен және Президенттің алғысымен марапатталды
26.09.2025, 20:58

Елімізде 28 мың адамнан қатерлі ісік анықталған
26.09.2025, 20:29
Қазақстан мен Қытайдың талдау орталықтарының II форумы өтті
26.09.2025, 20:22
Орталық Азиядағы көшбасшы әйелдердің форумы басталды
26.09.2025, 20:20
Әлем жаңалықтарына шолу
26.09.2025, 20:11
Онкоскринингтік зерттеулер ақысыз болады
26.09.2025, 20:10
LRT желісі келесі апта іске қосылады
26.09.2025, 20:09
Жамбыл облысында екі ірі зауыттың құрылысы басталды
26.09.2025, 20:09