Алматыда студенттерге арналған жаңа ахуалдық орталық жұмысын бастады. Республикалық орталықтың негізгі мақсаты — жастарға жатақханадан орын табуға және оқу үдерісіндегі туындаған мәселелерге көмектесу. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, бүгінде еліміздегі жоғарғы оқу орындарының 80%-ында студенттерге арналған цифрлық платформа іске қосылған. Мәселен, Narxoz университеті мен Satbayev University-де студенттер жатақханадан бөлмені өздері таңдай алады. Сондай-ақ шұғыл жағдайда студенттерді уақытша орналастыру үшін 55 резервтік бөлме қарастырылып отыр. Ахуалдық орталық жатақханаға мұқтаж жастардың мәселесін жүйелі түрде шешуге бағытталған. Жаңа бастама студенттерге барынша жағдай жасап, жаңа оқу жылын алаңсыз бастауға көмектеседі,- дейді орталық мамандары.
Сәбит Суатай, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – ректордың м.а.:
Бізге хабарласса, біз міндетті түрде ЖОО басшыларымен тікелей байланысқа түсіріп, жатақхана алу бойынща шұғыл түрде көмек көрсетеміз. Министрліктің қойып отырған талабы – барлық оқуға түскен студенттерімізге шұғыл түрде көмек жасап, сыртта қалмауын қадағалау. Орталық 24 сағат бойы жұмыс істейді.
Мерейбек Манахабек, Ахуалдық орталық қызметкері:
Жатақхана қай студентке берілді, қай студентке берілмеді, сол туралы хабар толық жарияланады. Кімге берілмеді, сол бізге хабарлады. Қандай нақты шешім жолдары бар, сол туралы айтамыз.
Жазира Оразқызы
