«Таза Қазақстан»: Алматыда экологиялық сенбілік өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таза Қазақстан»: Алматыда экологиялық сенбілік өтті

02.08.2025
«Таза Қазақстан»: Алматыда экологиялық сенбілік өтті

Алматыда «Ақ жол» демократиялық партиясы мен Мәжіліс депутаты, партия төрағасы Азат Перуашевтың қатысуымен «Таза Қазақстан» ұлттық бастамасы аясында экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. Шара Шәмші Қалдаяқов ескерткішінің маңында өтті.

Сенбілікке қала тұрғындары, еріктілер мен партия мүшелерінен құралған 200-ге жуық адам қатысты. Қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, тұрғындарға қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейтін ақпараттық парақшалар таратты. Іс-шара барысында 15 арнайы техника жұмылдырылды.

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев сенбілікті жеке жауапкершіліктен басталатын маңызды қадам деп атады.

«Ақ жол» партиясы экологиялық шараға белсене қатысқан барлық азаматтарға алғыс білдіріп, мұндай бастамалар алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасатынын мәлімдеді.

Хабарламаларға жазылу