Астанада «Турин Кебіні» мен «Қасиетті кітаптар» атты екі халықаралық рухани-мәдени көрме өтіп жатыр. Шара әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезі аясында ұйымдастырылған. Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқан көрмеде бұрын-соңды көрсетілмеген жәдігерлер ұсынылып отыр. «Турин Кебіні»–христиан әлеміндегі ең бағалы жәдігерлердің бірі. Аңыз бойынша, шамамен 2000 жыл бұрын шегеленіп тұрған Иса Мәсіхті түсіріп алып, денесін осы матамен ораған. Көрмеде кебіннің дәлме-дәл көшірмесі мен 27 тақырыптық ақпараттық панель бар. Ал «Қасиетті кітаптар» көрмесінде түрлі діндер мен тарихи дәуірлерге қатысты сирек кездесетін қолжазбалардың 50 данасы ұсынылды. Бейбітшілік және келісім сарайында өітп жатқан көрме 25 қыркүйекке дейін жалғасады.
Асылбек Данияр
