Жамбыл облысында 100-ден астам теміржолшы марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында 100-ден астам теміржолшы марапатталды

02.08.2025

Осы жексенбі Көлік және коммуникация қызметкерлері күніне орай бүгін Жамбыл облысындағы 100-ден астам теміржолшы марапатталды. Олардың қатарында үздік мамандар мен сала ардагерлері де бар. Ал «Құрметті теміржолшы» атағын алғандардың басым бөлігі қарапайым еңбек адамдары. Салтанатты шараға күн, түн демей темір жол бойында тер төгіп жүрген кезекшіден бастап, пойыз құрастырушылар да шақырылған. Жалпы Жамбыл облысының темір жол саласын дамытуда алар орны айрықша. Мәселен биыл жыл басынан бері аймақ шойын жолдары арқылы 13 млн тоннадан астам жүк тасымалданған. Ал осы уақытта отандық пойыздар өңірдегі 400 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетті. Бүгінде облыстың барлық ауданында 8 мың теміржолшы еңбек етеді.

Қуат Әжібаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Шу станциясының пойыз құрастырушысы:

Пойыз құрастырушы болып жұмыс істеп келе жатқаныма 25 жыл болды. Бұл қызметке 25 жасымда келіп едім, биыл 50 жасқа толдым. Біздің жұмысымыз өте қауіпті, күрделі әрі ауыр. Сол 25 жыл еңбектің нәтижесінде осындай марапатқа ие болып отырмыз.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу