Шілде айында жемқорлық істері бойынша мемлекетке 113,6 млн теңге қайтарылды
Биыл шілде айында жемқорлыққа қарсы күрес нәтижесінде мемлекетке 113,6 млн теңге қайтарылды. Сондай-ақ 619,1 млн теңгеге бағаланған мүлікке тыйым салынған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, шілдеде ел бойынша 17 құқықбұзушылық фактісі тіркелген. Олардың басым бөлігі пара беру мен алу жағдайларына қатысты. Билікті немесе қызметтік өкілетті асыра пайдалану, алаяқтық, сондай-ақ жеке өмірге қолсұқпаушылықты бұзу фактілері де анықталған. Ал жемқорлық фактісі туралы хабарлағаны үшін екі қазақстандық 471,84 мың теңге алған.
Темірлан Нұржанұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар мен жаттықтырушылар «Құрмет» орденімен, ерен еңбегі үшін медалімен және Президенттің алғысымен марапатталды
26.09.2025, 20:58

Елімізде 28 мың адамнан қатерлі ісік анықталған
26.09.2025, 20:29
Қазақстан мен Қытайдың талдау орталықтарының II форумы өтті
26.09.2025, 20:22
Орталық Азиядағы көшбасшы әйелдердің форумы басталды
26.09.2025, 20:20
Әлем жаңалықтарына шолу
26.09.2025, 20:11
Онкоскринингтік зерттеулер ақысыз болады
26.09.2025, 20:10
LRT желісі келесі апта іске қосылады
26.09.2025, 20:09
Жамбыл облысында екі ірі зауыттың құрылысы басталды
26.09.2025, 20:09