Бүгін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды

01.08.2025

Бүгін елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды. Бұл 10 жылда бір рет өткізілетін маңызды мемлекеттік шара. Сонымен қатар, халықаралық маңызы бар науқан. Өйткені, мұндай санақ Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан секілді 10  елде жүргізіледі. Ұлттық статистика бюросы өкілінің айтуынша, мұнда тек деректер жиналып қана қоймай, Қазақстандағы ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайын, даму барысын көрсетеді. Науқан екі кезеңде өтеді. Біріншісі - онлайн форматта, ол 1-31 тамыз аралығында жүргізіледі. sanaq.gov.kz сайтында өтеді. Сауалдарға жауап беру үшін электрондық цифрлық қолтаңба, SMS немесе e-Gov Mobile қосымшасындағы QR-код арқылы авторизациядан өту қажет. Сайтта сауалнаманың екі нұсқасы болады: біреуі – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған, екіншісі – бақша, жер телімі немесе малы бар үй шаруашылықтары үшін. Сауалнамада көрсетілген барлық ақпарат құпия сақталады. Сондай-ақ санақтың екінші кезеңі - онлайн санақтан өтпегендерге арналады. 20 қыркүйектен бастап интервьюерлер шаруашылықтарды аралауға кіріседі.

Нұржан Сәрсенбаев, Ұлттық статистика бюросы департамент директорының орынбасары:

Мазалаған сұрақтар бойынша арнайы сайтта жасанды интеллектке негізделген SanaqMyrza чат-боты жұмыс істейді. Ол кез келген сұраққа жауап береді. Егер чат-бот қиналса, 24/7 режимінде қызмет көрсететін 1446 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу