Е.Рыбакина ширек финалдың жолдамасына таласады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Рыбакина ширек финалдың жолдамасына таласады

01.08.2025

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Монреаль турнирінің 1/8 финалына жолдама алды. Еліміздің бірінші, әлемнің 12-ракеткасы үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 52-орында тұрған румыниялық Жаклин Кристианды жеңді. Бірінші сетте отандасымыз қарсыласқа еш мүмкіндік берді. Тіпті, Кристиан бірде-бір геймді өз еншісіне жаза алмады. Матчтың бірінші бөлігі 6:0 есебімен, Еленаның пайдасына шешілді. Екінші сетте екі теннисші де оңай берілмеді. Әркім өзінің допты ойынға қосу мүмкіндігін сәтті пайдалана алды. Нәтижесінде кездесу тай-брейкке жалғасты. Шешуші сәтте Елена 7:5 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, осыған дейін қарсыластар өзара екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді. Енді, қазақстандық теннисші ширек финалдың жолдамасын Украина өкілі Даяна Ястремскаямен сарапқа салады.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу