Семсерлесуден Грузия астанасы Тбилисиде өткен Әлем чемпионатында тарихи қола жүлдені жеңіп алған Ұлттық құрама мүшелері елге оралды. Спортшыларды Алматы әуежайынан жанкүйерлер, федерация өкілдері, достары мен туыстары сән-салтанатымен күтіп алды.
Семсерлесудің эпэ түрі бойынша командалық жарыста бақ сынаған отандастарымыз, биылғы байрақты бәсекеде бірнеше рет сенсация жасады. Мәселен, ширек финалда 2023 жылғы Әлем чемпионы болған Италия құрамасын 45:43 есебімен жеңді. Жартылай финалда жапон спортшыларына 1 ұпай айырмасымен жол берген, қазақстандық спортшылар қола медаль сарапқа салынған кездесуде Олимпиаданың 9 дүркін, Әлем біріншілігінің 2 дүркін чемпионы Франция командасын айқын басымдықпен, 45:31 есебімен жеңді.
Алексей Писцов, семсерлесуден Қазақстан құрамасының бас бапкері:
Бұл жеңіс төккен тер мен тынымсыз еңбегіміздің жемісі дер едім. Бұған дейін Әлем чемпионатында Руслан Құрбанов қана жекелей сында қола жүлдегер болған. Енді, міне, оған командалық сайыстың қоласы қосылды. Ал жекелей сында өкінішке орай спортшыларымыз жүлдеге жете алмады. Тек Руслан Құрбанов қана алғашқы тоғыздыққа енді.
Айта кетейік, жаҺандық додада ел намысын: Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов пен Кирилл Проходов қорғап, үшінші орын алды. Енді келесі Әлем чемпионаты 2026 жылы Гонконгта өтеді.
Асылбек Данияр
