Қазақстанды аймақтағы транзиттік хабқа айналдыру жұмыстары күшейе түседі. Көлік саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаған Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Қазір Транскаспий халықаралық көлік дәлізін, автомобиль және теміржол инфроқұрылын дамыту бойынша ірі жобалар іске асырылып жатыр. Зайсан, Қатонқарағай және Кендірліде жаңа әуежайлардың құрылысы басталып, Арқалық әуежайы қалпына келтіріле бастады. Алдағы маңызды міндет – әуе арқылы жүк тасымалын дамытып, Қазақстанды аймақтағы жетекші авиациялық хабқа айналдыру, - деді Президент. Шара барысында еліміздің көлік саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды. Ардагер теміржолшы Қалтай Сәмбетовке табысталған «Қазақстанның еңбек ері» атағы көлік саласының қызметкеріне алғаш беріліп отыр.
Қалтай Сәмбетов, теміржол саласының ардагері:
Теміржолдың дәрежесін көтеріп, теміржолшыларды сыйлап, 120 мың жұмыс істейтін халықиты сыйлап, бүгін жоғары атақ беріп отыр. Бұл 120 мыңнан аса теміржолда істейтін халықты құрметтеп, қадірлеп отырғаны.
Оңғар Алпысбай
