Ірі сауда нысандарын сақтандыру жүйесі енгізіліп жатыр
Зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу үшін ауданы 2 мың шаршы метрден асатын сауда нысандары сақтандырылады. Азаматтық қорғау саласындағы жаңа заң нормаларына осындай өзгеріс енген. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев айтты. Бұдан басқа төтенше жағдайлар қаупі туындаған немесе болған кезде халықты жедел хабардар ету саласына да маңызды өзгерістер бар. Атап айтқанда, жедел-кезекші қызметтің жауапты өкілдері уәкілетті лауазымды тұлғалардың алдын ала бұйрығынсыз хабарландыру жүйесін өз шешімімен іске қоса алады. Мұндай қадам жедел шешім қабылдап, халықтың қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етпек.
Кеген Тұрсынбаев, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі:
Баяғыда ондай сақтандыру жұмысы болған жоқ. Қазір өзге елдерде болып жатқан жағдайларды еске алып, алдын ала жұмыстар өткіздік. Ертең өрт болса, біреулер мерт болса, қайтыс болса, кім жауап береді?
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар мен жаттықтырушылар «Құрмет» орденімен, ерен еңбегі үшін медалімен және Президенттің алғысымен марапатталды
26.09.2025, 20:58

Елімізде 28 мың адамнан қатерлі ісік анықталған
26.09.2025, 20:29
Қазақстан мен Қытайдың талдау орталықтарының II форумы өтті
26.09.2025, 20:22
Орталық Азиядағы көшбасшы әйелдердің форумы басталды
26.09.2025, 20:20
Әлем жаңалықтарына шолу
26.09.2025, 20:11
Онкоскринингтік зерттеулер ақысыз болады
26.09.2025, 20:10
LRT желісі келесі апта іске қосылады
26.09.2025, 20:09
Жамбыл облысында екі ірі зауыттың құрылысы басталды
26.09.2025, 20:09