ҚТЖ арқылы транзиттік тасымал көлемі 14,6 млн тоннаға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚТЖ арқылы транзиттік тасымал көлемі 14,6 млн тоннаға жетті

31.07.2025

Елімізде теміржол арқылы транзиттік тасымал көлемі 14,6 миллион тоннаға жетті. Бұл туралы Президент қабылдауында болған «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасы мәлімдеді. Талғат Алдыбергеновтің ақпарынша, биылғы жартыжылдықта жүк айналымы 8,6% өскен. Трансұлттық теміржол дәлізін дамыту үшін 1700 шақырымнан астам жаңа желі салынып, 3 мың шақырым жол жөнделіп жатыр. Биыл Достық-Мойынты және Алматы бекетін айналып өтетін темір жол желісінің құрылысы аяқталады. Ал Дарбаза – Мақтаарал жобасын іске асыру жалғасады. Терминал желілері кеңейтіліп, цифрландыруға басымдық беріліп жатыр. Транзиттік декларация рәсімдеу уақыты 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды. Ал Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуетін және экономикасын дамытуда компания үлкен рөл атқаратынын атап өтіп, көлік инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың маңызына тоқталды.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу