Елімізде 70 спорттық нысан пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 70 спорттық нысан пайдалануға беріледі

31.07.2025

Елімізде жыл басынан бері 32 спорт нысаны пайдалануға берілді. Ал жыл соңына дейін тағы 70 нысанның құрылысы аяқталады деп жоспарланған. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз өкілдері хабарлады. Жаңа нысандарда бокс, баскетбол, волейбол, футбол, күрес, үстел теннисі және өзге де спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік бар, дейді. Биыл пайдалануға берілетін бірқатар маңызды нысан қатарында, үздіксіз білім беретін – Ұлттық спорт университеті бар. Жоғары оқу орнының инфрақұрылымына стадион, жабық жеңіл атлетика манежі, олимпиадалық бассейн, спорт кешені, ғылыми-зерттеу және медициналық қалпына келтіру орталықтары кіреді. Сондай-ақ Түркістанда байдарка мен каноэде есу, пара каноэ және академиялық ескек есу жарыстарын өткізуге арналған есу арнасының құрылысы аяқталады. Ал елордада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жаңа стадионның құрылысы басталды. Аталған нысанды 2026 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу