Маңғыстауда 1200 орындық жаңа мектеп салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда 1200 орындық жаңа мектеп салынып жатыр

30.07.2025

Маңғыстауда Жаңаөзен қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 1200 орындық мектеп бой көтерді. Білім беру ұйымы Рахат ауылындағы «Мерей» шағын ауданында салынып жатыр. Ғимараттың ішкі жұмыстары аяқталған. Қыркүйекте пайдалануға беру жоспарда. Оған №9 бен №23 мектептерге қатынап оқитын 700-ден астам оқушы ауыстырылады. 100-ге жуық мұғалім жұмысқа алынады. Жалпы Жаңаөзенде үш ауысыммен оқытатын бір мектеп бар. Ондағы орын тапшылығын жою үшін, жанынан 300 орындық ғимарат салынған. Бүгінде құрылысы аяқталып, тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Роман Мұхамбетов, құрылыс шебері:

Сыртқы жұмыстар енді 80-90 пайыз бітіп тұр. Асфальт жасау, тартандар жайып, футбол алаңы бар. Футбол алаңына  жасыл шөп төсеп, ойын алаңдарын  қою керек. Шамдардың тоғын жалғап, қоссақ болды.

Сүйлеймен Құлдан,  Жаңаөзен қалалық білім бөлімі секторының бас маманы:  

Мерей шағын ауданында халық санының өсуі және осыған іргелес жатқан Кендірлі ауылындағы өсімге байланысты, себебі іргелес орналасқан мектептер қазіргі таңда 3 кезеңге көшу қаупінде тұр. Сол себепті де осы мектепті негізгі керек мектеп ретінде алғашқы болып құрылысын бастаған болатын.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу