Камчатка түбегінде жер сілкінді
Ресейдің Камчатка түбегінде қатты жер сілкініп, цунами көтеріліп жағалауды шайып өтті. Жер сілкінісінің магнитудасы – 8,7 балл. Зілзала ошағы Камчатка орталығы Петропавл-Камчаткіден 150 шақырым жерде 17 шақырым тереңдіктен анықталды. Салдарынан бірнеше адам жарақат алды, қаза тапқандар жоқ. Сейсмологтардың айтуынша, бұл 1952 жылдан бері ең күшті жер сілкінісі. Ол кезде Курил мен Камчаткада 2 мыңнан аса адам қаза тапқан. Өңірде цунами қаупі жарияланып, төтенше жағдай режимі енгізілді.
Олег Сергеев, төтенше жағдай министрлігінің қызметкері:
Жер сілкінісінің салдарынан балабақша қабырғасы опырылып түсті. Камчатканың шығыс жағалауын 3-4 метрлік толқын шайып кетті. Қазір төтенше жағдай қызметкерлері ғимараттарды бақылауда.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгия Қазақстанның антиядролық бастамаларын қолдайды
27.09.2025, 18:08

Тарихи матч: үлкен экрандағы ашық көрсетілім
27.09.2025, 18:05
Елордада кәсіподақтар экологиялық акцияға қатысты
27.09.2025, 18:04
Астанада журналистер арасында «Көш» ойынынан жарыс өтіп жатыр
27.09.2025, 18:02
Астанада «Асыл мұра» этнофестивалі өтті
27.09.2025, 17:59
СҚО-да ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
27.09.2025, 17:56
Алматыда New York Film Academy филиалы ашылды
27.09.2025, 17:49
Биыл Қызылорда облысының жастарына 100 пәтер беріледі
27.09.2025, 17:46