Алматыда тауда жоғалған 20 жастағы жігіттің денесі табылды
Алматы тауларында жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт өлі күйінде табылды. Алан Сүлейменов 27 шілде күні таңертен ерте Медеу шатқалы арқылы «Жастар» шыңына шығып кеткен. Туыстары Алан тауға жалғыз шығуға әбден үйренген, бағытты жаңылмай табатын, дейді. Құтқарушылар құтқару жұмыстарын сол күні түнгі сағат 11-де бастап, екі тәулік іздеген. Таулы аймақта жаңбыр мен бұршақ жауып, 4 мың метр биіктікке қар түскені – іздеу жұмыстарына кедергі келтірген. Құтқарушылардың шыңға көтерілуі мен денені төмен түсіруі шамамен 5 сағатқа созылыпты.
Ершат Далабаев, қалалық құтқару қызметінің құтқарушысы:
Екі күн бойы іздестіру жұмыстарына 50-ден аса құтқарушы, бір тікұшақ, 3 кинолог және де 8 дрон жұмылдырылды. Осы жайтты ескере отырып тауға дайындықсыз және де ешкімді ескертпей шықпауларыңызды сұраймыз.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгия Қазақстанның антиядролық бастамаларын қолдайды
27.09.2025, 18:08

Тарихи матч: үлкен экрандағы ашық көрсетілім
27.09.2025, 18:05
Елордада кәсіподақтар экологиялық акцияға қатысты
27.09.2025, 18:04
Астанада журналистер арасында «Көш» ойынынан жарыс өтіп жатыр
27.09.2025, 18:02
Астанада «Асыл мұра» этнофестивалі өтті
27.09.2025, 17:59
СҚО-да ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
27.09.2025, 17:56
Алматыда New York Film Academy филиалы ашылды
27.09.2025, 17:49
Биыл Қызылорда облысының жастарына 100 пәтер беріледі
27.09.2025, 17:46