Қытайда су тасқынынан 30 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда су тасқынынан 30 адам қаза тапты

29.07.2025

Қытайдың Гонконг қаласында тау баурайында дамылсыз жауған нөсерден кейін осындай сарқырама пайда болды. Қаланың көптеген ауданында көшелер өзенге айналған. Тұрғындарға сағатына 70 милиметрден астам жаңбыр жаууы мүмкін екені және абай болу қажеттігі ескертілді. Ел астанасы Бейжіңде қатты нөсерден 30 адам қаза тапты. 80 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Қалаға бір тәулікте 500 мм жауын жауған. Қауіптің қызыл түсті деңгейі жарияланып, мектептер, туристік орындар жабылды. Қалада іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Тасқыннан зардап шеккен аудан тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберілді. Ауа райы болжамына сай, жаңбыр Бейжіңде апта соңына дейін жалғасуы мүмкін.

Янь Цзювэй, Бейжің тұрғыны:

Соңғы жылдары Бейжіңде жаңбыр мол жауатын болған. Бұған бәлкім климаттың өзгеруі әсер еткен шығар. Қалада ылғал сезіледі. Бұрын климат мүлдем басқа болатын. Жазда жауын осыншама көп жаумайтын.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу