Ақтауда апаттан зардап шеккен жұмысшы ауруханада көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда апаттан зардап шеккен жұмысшы ауруханада көз жұмды

29.07.2025

Ақтауда «ҚазАзот» зауытындағы жарылыстан зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада көз жұмды. Марқұм кәсіпорында 2021 жылдан бері кран машинисі болып жұмыс істеген. Жасы 57-де. Ал зардап шеккен тағы үш жұмысшы әлі ауруханада. Еске салайық, зауытта 18 шілде күні апат болып, 4 адамды күйік шалды. Еңбек инспекциясының мәліметінше, жұмысшылар рұқсат құжаттарынсыз газ кескіш құралын пайдаланып, құбыр желісіндегі ақауды жоюға әрекеттенген. Салдарынан тоннель ішінде газ-ауа қоспасы жарылған. Оқиға бойынша арнайы құрылған комиссия тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу